Жаңа кейіптегі Қажымұқан стадионы үлкен жарыстарды қабылдауға дайын

279

Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңғыртылды.  

Жаңа кейіптегі Қажымұқан стадионы үлкен жарыстарды қабылдауға дайын Фото: Бейнежазбадан

Астанада мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солардың бірі – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту жобасы.

Ондаған жыл бойы елордада ұлттық спортты дамытуға үлес қосқан стадион кең ауқымды қайта құрудан өтті. Нысан жаңартылып, заманауи әрі көпфункционалды спорт кешеніне айналды.

Қазір стадион халықаралық талаптарға сай. Мұнда спорттық жарыстар, жаттығу жиындары және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қолайлы жағдай жасалған.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Астанада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын үш әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Олардың құрылысы мен жүзеге асырылу барысы Астана прокуратурасының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу