Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин

179

Ата заң жобасындағы кейбір нормаларға түсінік берілді.  

Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин Фото: Конституциялық сот

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Ата заң жобасындағы мемлекеттік тілге қатысты нормаға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Яғни, бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда, өз орнында", – деді Мемлекеттік кеңесші.

Оның сөзінше, мемлекетіміз барда қазақ тілі ешқашан ол тұғырдан түспейді. 

"Демек сол үшін ең бастысы мемлекетті сақтау керек. Мемлекетті қорғау керек. Ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек", – деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Айта кету керек, бұған дейін жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу