Жаңа оқу жылы инфляцияны күшейтті

19716

Балалар киімі мен кеңсе тауарлары күрт қымбаттады.

Жаңа оқу жылы инфляцияны күшейтті

Статистика комитетінің мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына соңғы 8 айда 6,1%, азық-түлік емес тауарларына 2,9% жоғарылаған, ал ақылы қызметтерге 0,6% төмендеген.

"Жыл басынан бері күріш 20,5%, ұн 16%, қой еті 12,7%, мұздатылған балық 11,2%, сиыр еті 10,6%, жылқы еті 10,1%, нан 9,4%, құс еті 8,7%, макарон өнімдері 8,4%, шошқа еті 8%, мәйекті ірімшік 6,7%, ет өнімдері 6,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдер 5,7%, шай 5,3%, шұжық өнімдері 5,1%, кондитерлік өнімдер 4,2%, жемістер мен көкөністер 4,1% қымбаттады", – деп жазды статистика комитеті.

Темекі өнімдері 10,3%, салқындатылған сусындар 9,6%, ішімдік 5,9% қымбаттаған. Есесіне жұмыртқа 6,5%, құмшекер 5,2%, шикі сүт 5%, сүзбе 2,3%, қарақұмық жармасы 1,6% арзандаған.

Жаңа оқу жылының басында оқу-анықтамалық әдебиеттер 6,3%, балалардың аяқ қиімдері 6,2%, кеңсе таурлары 5,5%, балалардың киімдері 4,4%, оқушылардың сөмкесі 3% қымбаттаған.

"Фармацевтикалық өнімдер 5%, құрылыс материалдары 4,9%, тұрмыстық аспаптар 4,2%, жиһаз және үйге қажетті заттар 4,1%, тоқыма бұйымдары 4%, жуғыш және тазалағыш құралдар 3,6% қымбаттады", – деп мәлімдеді статистика комитеті.

Бұдан бөлек бензин 4,5%, дизель отыны мен баллондағы сұйытылған газ 0,9% арзандаған. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылыту 11%, ыстық суға 10,1%, суық су 7,8%, кәріз 7,2%, электр энергиясы 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеген. 

Қымбатшылық санаторийлер қызметтерінде 10,1%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтерінде 5%-дан, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларда 4,6%, денсаулық қызметтерінде 4,5%, қоғамдық тамақтандыру, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінде 3,8% өсім көрсетті. 

Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы 8 айда 3,1% жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 3,5%, өңдеу өнеркәсібінде - 4,1% жоғарылауы байқалды.

Өнеркәсіптік өнімдер 3,3%, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,8% қымбаттады. Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы көмір 10,1%, металл кендері 5,3%, мұнай 3,5%, табиғи газ 1,6%, дизель отыны 1% қымбаттады.

Сонымен қатар асыл металдар 19,4%,  қара металдар илегі 6,1%, ферроқорытпалар 2,4% қымбаттаса, мырыш 3,9%, алюминий 2,5%, мыс 0,3% арзандады.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу