Жаңа туған балаға ChatGPT деген есім берілді

Ұлттық АХАТ органы мұндай ерекше есімді еш қарсылықсыз тіркеген.   

Жаңа туған балаға ChatGPT деген есім берілді Фото: zdravlandiya.ru

Әлем жұртшылығын елең еткізген жайт Колумбияның кіші Серете қаласында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа туған қызына ChatGPT чат-ботының құрметіне "Чат Йипити Бастидас Герра" деп ат қойған отбасы мұны "жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне құрмет" деп түсіндіреді. 

Осылайша, Кордова департаментіне қарасты кіші Серете қаласындағы колумбиялық отбасының бұл шешімі жергілікті БАҚ-тан бөлек, жер-жаһанның түкпір-түкпіріне тез таралып, қоғамда пікірталас тудырған. 

Көптеген қолданушы бұл есімнің болашақта балаға ауыр болатынын, қиындық тудыруы мүмкін екенін айтқан.

Енді бірі ата-ананың шешімін құптап, шынында ерекше есім екенін қоштаған.

Айта кетейік, Колумбия заңы белгілі бір есімдерге тыйым салмаса да, Ұлттық реестр қызметкерлері таңдалған есім қорлау немесе баланың беделіне нұқсан келтіруі ықтимал деп есептесе, тіркеуден бас тартуға құқылы саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу