Жаңаөзенде отын нарығында тапшылық пайда болды

3047

Қолданыстағы ойын ережесі тәуелсіз ойыншыларды нарықтан тықcырып, тұтынушыларды делдалдықтан 1,2 млрд теңге тапқан жергілікті монополистердің қолына беруге әкеліп отыр.

Жаңаөзенде отын нарығында тапшылық пайда болды

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жанармай станцияларында газ тапшылығы сезіліп жатыр.  Бұл туралы жергілікті әуесқой автомобильшілердің мессенджерлерде "қыдырып жүрген" видеоларына inbusiness.kz тілшісі тап болды. 

Маңғыстау облысының әкімдігі inbusiness.kz-ке өңірде тек бір өндіруші – "ҚазГПЗ" ЖШС ғана сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіретінін айтты. Зауыт сұраныс 16 мың тонна болғанда айына 14 мың тонна СМГ шығарады. Жетпей қалған көлемді, энергетика министрлігінің бекіткен жоспарына сәйкес "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ "жабады". Алайда баланстың барына қарамастан, тәжірибе көрсетіп отырғандай, газды бөлуде қиындық туып отыр. 

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, облыста небәрі 208 газ құятын жанармай станциясы (ГЖС) бар. Бұл ретте ойыншылардың тең жартысы зауытпен тікелей жұмыс істейді және көгілдір отынды өздерінің желісі арқылы сатады. Мәселен, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС және "АДМ ГАЗ" ЖШС сияқты. Дегенмен сауданың басым бөлігі, яғни 80%-ға жуығы көтерме бағамен сатушылармен байланысты қатардағы желілер арқылы өтеді. Атап айтсақ: "SK LTD KZ", "BatysCaspianService" және "TanaGasCom" ЖШС.

Бір қызығы, өңір әкімдігінің ресми мәліметі бойынша СМГ-ның 68%-ын бір "SK LTD KZ" деген ЖШС алады. Бұл ретте компанияның өзінде бөлшектік желісі жоқ, бірақ та ресурстардың шектеулігінен одан облыстың 100-150 ГЖС-ы әртүрлі бағада сатып алады. Осы арада компанияның операциялық шығын көрмейтінін атап кету керек. Өйткені көлем зауытта тікелей жазылады. Бұл туралы inbusiness.kz-ке жасырын қалуды жөн көрген дереккөз айтты. 

Компанияның жұмысы 2017 жылдан бастап жақсара бастаған, оған оның салықтық есептілігі дәлел. Егер 2014-2016 жылдары аударым мүлдем болмаса, 2017-2018 жылдары аударым 2,19 млн және 38,3 млн теңгені құраған. Биылғы жылдың 1 сәуірінде компания қазынаға 21,4 млн теңге төлеп үлгерген. 

Газдың бөлшектік бағасы бір литр үшін 55-60 теңгеден аспайды. Бұл ретте "ҚазГПЗ" газды көтерме бағамен сатып алушыларға орташа есеппен 43,3 теңгеден сатқаны жергілікті БАҚ-та жазылды. Осылайша, көтерме бағамен сатып алушылардың маржасы 15-21% екені белгілі болды. Басқаша айтар болсақ, тұтынушылардың қалтасынан шығатын әрбір бесінші теңге тікелей монополистердің қалтасына барып түседі.

Жеткізушімен тікелей бөлшектік бағада жұмыс істеуге энергетика министрлігінің газ жинақтау станциясының көлемі 600 текше метрден аспау керек деген талабы кедергі келтіріп отыр. Көтерме бағамен сатып алушылар нарықтың "жең астынан қол жалғауы" арқылы бөлшектік сауданың жартысын өздеріне алып отыр, бұл оларға үлкен көлемді алып кетуге және қайта сатудан пайда көруге мүмкіндік береді.

Айына 16 мың тонна немесе жылына 192 мың тонна тұтынуда және маржа шамасы 15-21% болғанда, ірі үш көтерме сатып алушының пайдасы айына 89,6-149,8 млн теңге немесе жылына 1,1-1,8 млрд теңге болады. 

Энергетика министрлігі ГЖС-ның отын резервуарлары қуатының шегін төмендетуі нарыққа ойыншыларды көп шығаратынын алға тартады. Ал бәсекелестік тұтыншулардың сатып алу бағасына әсер етеді. Алайда тиісті шешімдердің болмауынан, бөлшектік газдың жартысы тұрып қалып, қарапайым тұтынушылардың есебінен көтерме сауда ойыншыларына миллиардтаған пайда әкелуде. Бұған баға статистикасы дәлел. 2017 жылдың ортасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін облыстағы газдың көтерме бағасы 13%-ға өскен, ал бөлшектік баға бұдан да жоғары 35%. 

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу