Жәнібек Әлімханұлы әрқашан таза спортты қолдайтынын айтты

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен еді. 

Жәнібек Әлімханұлы әрқашан таза спортты қолдайтынын айтты Фото: juzmedia.kz

Көп ұзамай оның Эрисланди Ларамен жекпе-жегі өтпейтіні хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жайтқа орай, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз пікірін білдірді. 

– Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз! – деп жазды боксшы. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізуі керек еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу