Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Мұндай ақпаратты WBO президенті Густаво Оливьери мәлім етті.   

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Оның сөзінше, қос тарап жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келіп үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы үшін Якоб Банкпен бақ сынаспақ. 

– WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан 168 фунт салмақтағы бос әлем чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарламаны алғанын қуана растайды. Қосымша мәлімет кейін жарияланады, – деп жазды WBO президенті. 

Осыған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген дат боксшысы Якоб Банк арасындағы жекпе-жекті бос чемпиондық белбеу үшін өткізуге санкция берген болатын. Бұл шешім британдық Хамза Шираздың чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартуынан соң қабылданды.

Осылайша, "Қазақ стилі" мансабындағы тағы бір әлем чемпиондығы үшін жекпе-жекке дайындалмақ. 

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізгісі келетінін де жасырмай айтты. Десе де, титулдық кездесудің нақты өтетін орны мен күні әзірге жарияланбады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу