Жәнібек Әлімханұлы экс-қарсыласымен қайта жұдырықтасуы мүмкін

"Қазақ стилі" биыл желтоқсан айында рингке оралады.  

Жәнібек Әлімханұлы экс-қарсыласымен қайта жұдырықтасуы мүмкін Фото: Жеке парақшасынан

Сол кезде оның қарсыласы британдық Дензел Бентли болуы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Дензел Бентлимен 2022 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізді. "Qazaq Style" сонда төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

4 сәуір күні Бентли Лондонда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эндри Саавердамен (17-2-1, 14 КО) шаршы алаңға шықты. Жетінші раундта британдықтың ауыр соққыларынан кейін бас төреші жекпе-жекті жедел тоқтатып, техникалық нокаут тіркеген еді. 

Осылайша, Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағына қол жеткізді. Ол енді толыққанды чемпион титулын иемдену үшін Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі керек.

Қазақ боксшысының дисквалификация уақыты биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде. Жәнібек Әлімханұлының 2025 жылы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг қолданғаны белгілі болды. Сол үшін әлемдік бокс қауымдастықтары оны жазалап, IBF чемпиондық белбеуін алып қойды, ал WBO оны бір жылға спорттан шеттетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу