Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

937

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты Фото: 1bol.kz

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қарашада өткізуді көздеп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мен АҚШ-қа жол тарттым. Қараша айында шаршы алаңға шығуға дайын боламын. Карлос Адамес үшін әлі де мүмкіндік бар. Егер ол келісім бермесе, мен белбеулерімді басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын. Адамес пен оның командасына айтарым: уақыттарың аз қалды! – деп жазды Жәнібек.

Боксшы жанкүйер сұрағына жауап бере отырып, қарашаның басында жекпе-жек өткізгісі келетінін нақтылады.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен чемпиондық титулдарды біріктіруді мақсат етіп отыр.

Егер келіссөз сәтсіз аяқталса, қазақстандық чемпион басқа қарсыласпен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу