Жәнібек Әлімханұлы жыл соңында 3 титулды біріктіруі мүмкін

596

Инсайдерлік ақпараттарға сүйенер болсақ, жекпе-жек 7 желтоқсанда өтуі тиіс. 

Жәнібек Әлімханұлы жыл соңында 3 титулды біріктіруі мүмкін Фото: Жеке парақшасынан

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жыл соңына дейін WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титулдарды біріктіру үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл оқиға 6 желтоқсанда АҚШ-та PBC ұйымының PPV шоуы аясында Айзек Круз – Ламонт Роуч-кіші арасындағы жекпе-жекпен бірге өтеді деп күтілуде. Қазақстан уақытымен бұл 7 желтоқсан таңғы уақытына сәйкес келеді. 

– Менің басты мақсатым – Әлемнің абсолютті чемпионы атану! Маған атақ-даңқ, ақша маңызды емес. Мен тарихта қалғым келеді. Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті чемпион болуым керек. Бұл менің халқым үшін орасан зор мәнге ие! – деп жазды Әлімханұлы өзінің парақшасында. 

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін биыл 5 сәуірде Астанада өткізген. Ол кездесуде француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Эрисланди Лара өткен жылдың қыркүйегінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол АҚШ боксшысы Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) Лас-Вегаста мерзімінен бұрын жеңген еді.

Айта кетейік, әзірге қазақстандық былғары қолғап шеберінің командасы алдағы жекпе-жек жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу