Жәнібек Әлімханұлына әлем чемпионы атануға мүмкіндік туып тұр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы допинг дауынан соң бос тұрған WBO чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуы керек.    

Жәнібек Әлімханұлына әлем чемпионы атануға мүмкіндік туып тұр Фото: instagram/janibek_qazaqstyle

Бұған дейін WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлы мен рейтингте үшінші тұрған даниялық боксшы Джейкоб Бэнкті келіссөз жүргізуге міндеттеген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қос боксшы бос тұрған WBO нұсқасы бойынша аса орта салмақтағы әлем чемпиондық атағы үшін жұдырықтасуы тиіс.

Тараптарға келіссөз жүргізіп, ортақ келісімге келу үшін небәрі 15 күн берілген. Егер осы мерзімде жекпе-жек өткізу жөнінде келісім жасалмаса, айқасты ұйымдастыру құқығы үшін промоутерлік сауда өткізілмек.

WBO келіссөздер туралы ресми бұйрықты жақын арада жариялайтынын мәлімдеді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы үшін жаңа салмақта бірден әлем чемпионы атану мүмкіндігі туып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу