Жәнібек Әлімханұлына қатысты жақсы жаңалық жария болды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ақпан айына арналған жаңартылған рейтингін шығарды.   

Жәнібек Әлімханұлына қатысты жақсы жаңалық жария болды Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы "Қазақ стилі" ұйымның жаңартылған рейтингінде әлі де көш басында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тізімнен Жәнібек Әлімханұлымен қоса, (17-0, 12 КО) тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты (25-2, 17 КО) көруге болады. Ол супер орта салмақта бір саты жоғарылап, рейтингтің 14-орынға жайғасқан. 

Осыған дейін WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты 2025 жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жылдық шеттету жазасын қолданған болатын. Дегенмен, ұйым шешіміне сәйкес, қазақстандық боксшының чемпиондық белдігі сақталып қалды. 

Шеттету мерзімі аяқталған соң Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті жекпе-жек өткізуі керек. 

Сонымен қатар, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков спортшының ағзасына допингтің қалай түскені жөнінде түсініктеме берген еді. 

Ал Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу