Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті

127

Кубалық кәсіпқой боксшы Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Кубалық боксшы Fight Hype Youtube арнасына берген сұхбатында жоғары деңгейлі жекпе-жектерге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Йоэнлис Эрнандес алдағы жекпе-жектерде WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара, WBC әлем чемпионы Карлос Адамес немесе WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы сияқты қарсыластарының болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол IBF чемпионымен жұдырықтасуды да жоспарлайтынын айтты.

– Егер бізге мүмкіндік берілсе, біз Әлімханұлын қоса алғанда, кез келген чемпионмен жекпе-жекке шығуға дайынбыз, – дейді спортшы.

Айта кетерлігі, Йоэнлис Эрнандес кәсіпқой рингке 2022 жылы келіп, 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Спортшы Куба құрамасы сапында 2021 жылы және 2023 жылғы әлем чемпиноны атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу