Допинг сынаманың нәтижесі Жәнібек Әлімханұлы үшін де, қазақ жанкүйерлері үшін де ауыр соққы болды. Былғары қолғап шебері 3 желтоқсан күні жекпе-жектің өтпейтінін ресми түрде растаған еді. Ал, бүгін тағы бір сынама ашылып, тексеруден өткізіледі.
– Бұйырса, "Б" сынамасы бүгін ашылады. Америкада енді таң атып жатыр. Команда мүшелері ресми қатысады. Зертханаға жөнелтіледі. Нәтижесі белгілі болғанда ресми хабарланады, – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қараша күні қазақстандық боксшының сынамасынан мельдоний табылды. Нәтижесінде, допингке байланысты Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен 7 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалды.