Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тәртіптік тыңдау өтетін күн белгілі болды

248

Б сынамасының нәтижесі жарияланбайынша, Жәнібек Әлімханұлына допинг ісі бойынша қандай да бір айыптаулар тағуға болмайды. 

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тәртіптік тыңдау өтетін күн белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша тәртіптік тыңдаудың өтетін күнін ресми түрде жариялады.

Федерацияның мәліметінше, тыңдау 2026 жылғы 19 қаңтарға белгіленген. Тыңдаудың нақты уақыты мен өткізу орны қолданыстағы тәртіпке сәйкес барлық мүдделі тараптарға қосымша хабарланатын болады.

Федерация бұл істің қаралуы қолданыстағы регламенттерге, процестік әділдік қағидаттарына, халықаралық антидопингтік стандарттарға қатаң түрде сәйкес жүзеге асатынын атап өтті.

Сонымен қатар, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қандай да бір алыпсатарлыққа немесе жария түрде алдын ала қорытынды жасауға жол берілмейтіні қатаң ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу