Қазақстандық боксшының 7 желтоқсанда Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі әзірге белгісіз. Кубалық WBA чемпионының бұл күні титулын өзге қарсыласпен қорғауы ықтимал.
Аталған ақпаратты The Ring басылымының инсайдері, DAZN тілшісі Майк Коппинджер жариялады.
Айта кетейік, орта салмақтағы үш бірдей чемпиондық белбеуі үшін Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтуі тиіс болатын.
Ресми ақпарат күтеміз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу