Боксшының адвокаттары жазаны 6 айға дейін қысқарту үшін апелляция берген.
Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы Алматыда жүр. Жаз мезгілінде АҚШ немесе Ұлыбританияда оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы журналист Аслан Каженов мәлімдеді.
Жоспар бойынша, қазақстандық боксшы жыл соңына дейін титулын қорғау үшін рингке қайта оралуы тиіс. Сәуір айында британиялық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Ал желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы сол кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін.
Келесі жылы қазақстандық боксшы WBC чемпионы Карлос Адамес немесе WBA чемпионы Эрисланди Ларамен айқас өткізіп, тағы бір чемпиондық белбеу үшін таласуды жоспарлап отыр.