Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

217

Қазақстандық спортшы U13 санатында сайысқа қатысты.  

Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы турнирде күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы U13 жас санатында күміс медаль иеленді. Жарыс барысында ол Словения, Хорватия, Румыния және Сингапурдан келген қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Шешуші кездесуде Жәния Бекмұхамбетова хорватиялық Лизетт Фазекашпен ойнап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық спортшы турнирді екінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу