Жания Бекмұхамбетова Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

86

Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Жания Бекмұхамбетова Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Италия өкілі Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0), италиялық Майя Павелді (3:0), аустралиялық Алисса Йенгті (3:0) және испаниялық Кармен Гоместі (3:0) жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу