Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Финалда жергілікті спортшы Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) ұтты.
Қазіргі таңда Жәния Бекмұхамбетова әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу