Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирінде қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз U15 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында ол Венгрия, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.
Алайда финалға жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу