Жанна Мамажанова жүлдегерлер қатарына іліге алмады

1581

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының аяқталуына бір күн қалды. 

Жанна Мамажанова жүлдегерлер қатарына іліге алмады

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында марафон өтті. Бұл сайысқа қазақстандық Жанна Мамажанова да қатысты. Ол жарыс жолын 2:37:42 уақытта жүріп өтіп, марафон  жеңімпазы Кениядан келген Перес Джепчирчирден 10:22 уақыт артта қалды. Тағы бір кениялық спортшы Бриджид Косгей (2:27:36) күміс жүлдегер атанса, америкалық Молли Зайдель (2: 27.46) үздік үштік қатарын толықтырды.

Сонымен қатар бүгін жарыс жолына әйелдер арасында каратэден Софья Берульцева, заманауи бессайыссайыстан Павел Ильяшенко, ерлер арасында каратэден Данияр Юлдашев, кейриннен Сергей Пономаревтар жарыс жолына шықса, еркін күрестен Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуін өткізеді.

7-тамызға арналған жарыс кестесі

11:05 (шамамен) Каратэ. 61 келіден жоғары. Топтық кезең Софья Берульцева - Мельтем Ходжаоглу

11:25 (шамамен) Софья Берульцева -Сильвия Семераро

12:00 (шамамен) Софья Берульцева - Ирина Зарецкая

12:20 (шамамен)Софья Берульцева - Аюми Уэкуса

 11:42 Заманауи бессайыс Павел Ильяшенко - Жүзу

12:45 - Семсерлесу (қосымша раунд)

14:15 – Конкур

16:30 Комбайн

Каратэ. 75 келіден жоғары. Топтық кезең Данияр Юлдашев - Йонатан Хорне 12:45 (шамамен)

Данияр Юлдашев - Рютаро Арага 13:05 (шамамен)

Данияр Юлдашев - Угур Акташ 13:40 (шамамен)

Данияр Юлдашев - Гогита Аркания 14:00 (шамамен)

Трек велоспорты. Кейрин. Іріктеу. Сергей Пономарев 12:53

15:50 (шамамен) Еркін күрес, 65 келі. Жұбаныш белдесуі. Дәулет Ниязбеков - Адама Диатта

Естеріңізге сала кетейік, Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар жеті қола медаль жеңіп алды. Медаль иегерлері дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Коңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу