Жансая жеті кездесуді қатар жеңді

1577

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Халықаралық шахмат федерациясы ұйымдастырған супер-турнирде 3-орынға ие болды.

Жансая жеті кездесуді қатар жеңді

Онлайн-турнир 15-17 мамыр аралығында Chess24 ойын платформасында өтті. Жарысты Халықаралық шахмат федерациясы алғашқы (ФИДЕ) Әлем чемпионы Вильгельм Стейництің құрметіне арнап ұйымдастырды. Сондай-ақ сайысқа қатысқан ойыншыларды ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович өзі іріктеп алған.

Нәтижесінде, әйелдер тізімінде Жансая Әбдімәліктен басқа шахматтан бұрынғы Әлем чемпиондары ресейлік Александра Костенюк, қытайлық Тан Чжуньи және болгариялық Антоанета Стефанова, рапид пен блицтен Әлем чемпионы Екатерина Лагно, Кытай чемпионы Лей Тинцзе, сонымен қатар өз елдерінің ең мықты шахматшалары Мари Себаг (Франция), Сарасадат Хадемальшарьех (Иран), Элизабет Петц (Германия) және Дейси Кори (Перу) бар.

Супер турнир екі айналымда өтті. Әр қадамға 3 минут+ 2 секунд бақылау жасалды. Әр қатысушы 18 партия ойнады.

Онлайн-турнирде әйелдер арасында Ресейлік Катерина Лагно жеңімпаз атанса, қытайлық Лэй Тинцзе 2-орынға ие болды. Жансая Әбдімәлік 11,5 ұпай жинап, 3-орынды жеңіп алды. Қазақстандық шахматшы қыз жарыстың көшбасшыларына небәрі жарты ұпай ғана ұтылды. Ал, турнир аяқталуға екі тур қалғанда Жансая беделді супер-турнирдің көш басында келе жатқан болатын.

Турнир аясында Жансая Әбдімәлік қатарынан жеті партия жеңіске жетті. Қазақстандық шахматшы қыз жарыстың күміс жүлдегері  Лей Тинцзені жеңген. Ал Катя Лагномен тең ойын нәтижесін көрсетті және Жансая турнирдің ең жас қатысушысы болды.

Сонымен қатар жарысқа ерлер де қатысты. Ерлер арасында өткен турнирдің жүлде қоры 18 мың еуро ны (1-орын – 4500 еуро), ал әйелдер арасында өткен сайыстың жүлде қоры 12 мың еуроны құрады (1-орын – 3000 еуро). Партияда жеңіске жеткен ойыншы бір ұпай үшін ерлер арасындағы сайыста 100 еуродан, ал әйелдер 70 еуродан алып отырды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу