Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевқа кешірім беруі мүмкін екенін айтты

880

Жақында Алмазбек Атамбаев сырттай 11,5 жылға сотталды. 

Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевқа кешірім беруі мүмкін екенін айтты Фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков / Султан Досалиев

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АКИpress-ке сілтеме жасап.

"Мен "соттың жұмысына араласпау керек" деп үнемі айтамын. Шығарылған шешімді заңсыз деп есептейтін болсаңыз, жоғары тұрған инстанцияларға шағым түсірген жөн. Соңғы нүктесін Жоғарғы сот қойсын. (...) Біз соттың жұмысына араласқан жоқпыз, алдағы уақытта да араласпаймыз", – деді Қырғызстан басшысы "Кабар" ұлттық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. 

Журналист Жапаровтан Атамбаев отанына оралған жағдайда қамауға алына ма деп сұрады.

"Ешкім сот шешімін өзгерте алмайды. Менің де құқығым жоқ. Бірақ менде рақымшылық жасау құқығы бар. Тиісті өтінішпен жүгінген жағдайда, рақымшылық жасауым мүмкін. Қой-Таш оқиғасынан бері 6 жыл өтті. Меніңше, сот тым қатал болмауы да тиіс пе еді. Әрине, бұл – менің жеке пікірім. Пробация немесе айыппұлмен шектелген дұрыс болар ма еді. Десек те, оқиғалар кезінде адам қаза тапты. 100 жуық адам жарақат алды. Сот қандай шешім шығарса да, ол заң аясында қабылданды. Біз оны орындауға тиіспіз", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11,5 жылға сотталғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу