Жапония мен Нидерланд өзара мықтыны анықтай алмады

Футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында көптеген сенсациялық матч тіркеліп жатыр.   

Жапония мен Нидерланд өзара мықтыны анықтай алмады Фото: sport-express.net

Мұны өзі жер-жаһандағы құрамалардың ойын сапасы артқанын білдірсе керек-ті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Иран мен Жаңа Зеландия құрамаларының (2:2) ұпай бөліскенін жаздық. Сол секілді, турнирдің топтық кезеңінде Нидерланд пен Жапония құрамалары да 2:2 есебімен тең тарқасты. 

Тартысқа толы өткен матчтың алғашқы таймында гол соғылмады. Десе де, жанкүйерлер ойынның екінші бөлігінде бақандай 4 гол көрді. 50-минутта Ван Дейк өз құрамасын алға шығарса да, 7 минут өтер-өтпестен жапониялықтар сапынан Накамура мергендігімен танылды. 

Ойынның 64-минутында Саммервилл қақпаны дәл көздеп, есеп ашса, Камаданың баспен соққал добы таразы басын теңестірді. 

Осыған дейін Испания мен Кабо-Верденің, Бельгия мен Мысырдың тең түскенін жаздық

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу