Жаппай тәртіпсіздіктер: Трамп Францияны шекарасын дереу жабуға шақырды

240

Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Жаппай тәртіпсіздіктер: Трамп Францияны шекарасын дереу жабуға шақырды Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Франциядағы жаппай тәртіпсіздіктерге мигранттарды айыптап, ел билігін шекараны дереу жабуға шақырды. Бұл туралы BILD агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мигранттар Францияны басып алды. Шекараны мүмкіндігінше тезірек жабу керек!" – деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін осыған ұқсас пікірді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те айтқан. Оның сөзінше, еуропалық солшыл саясаткерлер жанашырлықты сылтауратып, өз елдеріне "үшінші әлемнен" адамдарды әкеліп, олардың қоғамға бейімделуін негізге алмады. Вэнстің айтуынша, Франция билігіне мұндай саясаттың салдары ескертілгенімен, олар бұған құлақ аспаған.

Трамп пен Вэнстің тиісті мәлімдемелері АҚШ Конгресіне өтетін аралық сайлауға шамамен екі апта қалғанда жасалды. Ақ үй әкімшілігі жаппай депортациялауды қамтитын қатаң миграциялық саясат жүргізіп отыр. Олар Еуропа елдерін шетелдіктердің елге кіруіне жеткілікті түрде шектеу қоймағаны үшін жиі сынға алады.

Айта кету керек, бұған дейін Франциядағы шеруге 800 мыңнан аса адам қатысқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу