Жарылыстан кейінгі өмір

2127

Арыс қаласындағы барлық банкоматтар мен банк кеңселері жұмыс істей бастады.

Жарылыстан кейінгі өмір

 Бұл туралы бүгін Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Яғни  шаһар тұрғындары мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыларға қол жеткізе алады. Жергілікті халыққа ақша таратуға банктердің қаражаты жеткілікті екен. 

Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтың айтуынша, бүгінде Арыс қаласында түрлі дәрежедегі жәрдемақы алатын адамдардың саны 10 мыңнан асады. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек 2200-ден аса азаматқа тағайындалған. 

"Атаулы әлеуметтік көмек бойынша бүгінде маусым айына 182 миллион теңге қарыз бар. Ол бүгін-ертең есепшоттарыңызға түседі, оны барып алсаңыздар болады. Одан басқа, шартты және шартсыз атаулы көмек алатын азаматтардың шілде айына 1 айлығын осы айдың соңына дейін толығымен төлеп береміз. Сонымен қатар, 3 айлық шартты ақшалай көмектің қалған 2 айын  15-іне дейін толығымен алады. Осы мәселе бойынша республикадан облыстық бюджетке қосымша 18 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Ол ақша жыл аяғына дейін толығымен Арыс қаласы тұрғындарына жетеді", - деді ол.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Арыстағы сауда орындары да бүгін өз жұмысын бастаған.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу