Жас қазақстандық футболшыға еуропалық скауттар көз тікті

192

"Қайрат" клубының жас шабуылшысы Азамат Тұяқбаев УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді.

Жас қазақстандық футболшыға еуропалық скауттар көз тікті

Алматылық "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев Кипрдің "Пафосымен" (0:0) өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтың тең нәтижесіне пікір білдірді. 18 жастағы талантты форвард "Пафосқа" қарсы матчта екінші таймның басында Еркін Тапаловтың орнына алаңға шықты және 45 минуттан астам уақыт ойын көрсетті. 82-минутта шабуылшы дөрекі ойын үшін ескерту алды.

– Бұл біз үшін жақсы бастама деп ойлаймын. Қарсылас командада ойыншы алаңнан қуылған соң, олар қорғанысқа көшті. Бізге креатив немесе батылдық жетіспеді. Екі тайм бойы бірде-бір гол соға алмадық. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Әлі өзімізді көрсетерімізге сенемін. Үшінші минуттағы қызыл қағазды ескерсек, қарсылас аз құрамда ойнады. Сондықтан бұл ойын біз үшін жеңіліс болып саналады, – деді Тұяқбаев.

Айта кетейік, Азаматқа еуропалық скауттар көз тікті. Чемпионшиптің көшбасшысы "Ковентри Ситиден" (Англия) бөлек, жас талантқа Испания мен Италия клубтары да қызығушылық танытуда деген ақпарат бар. 

Ойыншының "Қайрат" клубымен келісімшарты екі айдан кейін аяқталады.

Биылғы маусымда Тұяқбаев барлық турнирлерде 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сол голдардың бірі ҚПЛ аясында "Жетісуға" қарсы өткен ойында (5:0) тіркелген.

Тағы бір жас талантымыз Еуропада доп тепсе, бұл қазақстандық футбол үшін үлкен жетістік болар еді. Азамат Тұяқбаевтың әлеуеті жоғары. Сондықтан оның шетелдік клубтар назарында болуы заңды құбылыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу