Жас қазақстандық теннисші Еуропада үздік ойыншы атанды

288

2025 жылы Ахмади жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Еуропа теннис қауымдастығының рейтингінде маусымды 24-орынмен аяқтады.

Жас қазақстандық теннисші Еуропада үздік ойыншы атанды

14 жастағы қазақстандық теннисші Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) "Үздік шетелдік ойыншы" атағын иеленді. Ол бұл марапатты Еуропа одағына кірмейтін елдер арасындағы спортшылар ішінде жеңіп алды.

Маусым барысында қазақстандық теннисші Стокгольмде өткен Король кубогында жекелей сында чемпион атанды. Сонымен қатар жұптық сында Авеню кубогы, Тим Эссон және Брселав Оупен турнирлерінде жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, ол Tennis Europe аясында өткен турнирде жекелей сында финалға дейін жетті. 

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Маханов қазіргі таңда Team Kazakhstan академиясында жаттығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу