ITF-тің ресми сайтында 2026 жылдың қаңтар айында өтетін теннистен Australian Open турнирінің жасөспірімдер арасындағы жарысына қатысушылар тізімі жарияланды.
Турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстаннан 3 теннисші – 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниель Тазабеков өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Заңғар, Дамир және Даниель өткен жылы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогын – командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бірге ойнаған.
Сергей Квактың шәкірттері ол уақытта төрт дүркін әлем чемпиондары – Франция құрамасын жеңіп, бесінші орынға ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу