Жас теннисшілеріміз ширек финалда

786

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты.

Жас теннисшілеріміз ширек финалда

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтіп жатыр. Ел құрамасы жарыстың алғашқы күні Иорданияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кездесуде Мансұр Сайынов қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0, 6:0. Ал Ярослав Пшеничный тартысты бәсекеде жеңілді – 6:2, 3:6, 2:6. Дегенмен жұптық сында Мансұр Михаил Мищенкомен бірге командасына жеңіс әперді.

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Алдымен Михаил Мищенко тартысты бәсекеде қарсыласына жол берді – 4:6, 6:3, 3:6. Екінші ойында сингапурлық теннисшіні Мансур Саинов 6:4, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Шешуші, жұптық сында Михаил Мансур Қазақстан құрамасына жеңіс әперді – 6:2, 6:3.

Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірінші ракетка болып тіркелген Аустралиямен кездеседі. Осы матчта қай команданың ширек финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады.

Қазақстан намысын іріктеу кезеңінде мына спортшылар қорғауда:

Ярослав Пшеничный (Астана);

Мансұр Сайынов (Ақтобе);

Михаил Мищенко (Алматы).

Команда капитаны Сергей Квак.

Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатының финалдық сатысына төрт команда жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу