Жас қазақстандық теннисшілер Сингапурда өткен халықаралық турнирде үздік бестікке енді

127

Сингапурда ATF 12U Team Competition – Supported by KTF жасөспірімдер арасындағы командалық турнирі аяқталды.

Жас қазақстандық теннисшілер Сингапурда өткен халықаралық турнирде үздік бестікке енді Фото: ҚТФ

Қазақстандық команда лайықты өнер көрсетіп, жалпы есепте 5-орынға табан тіреді.

Ел намысын Сырымжан Барлыков, Амирхан Қуанышбеков, Евгений Щетников, Мария Гуля, Влада Дегтярь және Мартина Курбатова қорғады. Жас спортшылар соңына дейін табандылық танытып, командалық рух пен мінез көрсетті.

Бұл нәтиже – болашақ жеңістерге жол ашатын тәжірибе. Спорт мамандарының айтуынша, бүгінгі бесінші орын – ертеңгі жоғары жетістіктердің бастауы болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу