Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік: Астанада Ақаба процесінің самииті өтіп жатыр

317

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік: Астанада Ақаба процесінің самииті өтіп жатыр Фото: Ақорда

Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысуда.

Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.

Аталған алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу