2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

"Жасанды интеллект туралы" заң: Мәжіліс Сенат енгізген түзетулерімен келісті

668

Сенат барлығы 16 түзету енгізген.

"Жасанды интеллект туралы" заң: Мәжіліс Сенат енгізген түзетулерімен келісті Фото: parlam.kz

Мәжіліс Сенаттың "Жасанды интеллект туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерге енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, Сенат жасанды интеллект туралы түзетулерге редакциялық сипаттағы барлығы 16 түзету енгізген. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.

"Парламент Сенаты үш заң бойынша 16 түзету енгізді. Олардың ешқайсысы Мәжіліс қабылдаған заңдардың мәтінін жақсартпайды да, нашарлатпайды да. Олардың барлығы тек қана редакциялық және нақтылау сипатында. Осылайша, аталған түзетулер құқық қолдану практикасына ешқандай әсер етпейді. Сондықтан Комитет Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуге болады деп санайды", – деді депутат.

Айта кету керек, бұған дейін Сенат "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарғанын жазғанбыз. Құжаттың жекелеген баптары мақұлданбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу