65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс жүлдені еншіледі.
Үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, үздік көтеруінде 123 келіні бағындырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1-орынды Солтүстік Корея спортшысы Джин Мен Во жеңіп алды. Қола жүлде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Алмохаймедке бұйырды.
Серпе көтеруде Бейбарыс Ерсейіт 152 келіні еңсеріп, қолаға ие болды. Ал жарыстың жеңімпазы Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен атанды.
Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы Азия рекордын жаңартты. Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды, оның көрсеткіші 155 келі болды.