Қазақстандық төрешілер келісілген ойын өткізді деген күдікке ілінді

218

Жаза басқандар жазаланды.

Қазақстандық төрешілер келісілген ойын өткізді деген күдікке ілінді Фото: canva

ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен "Тұран" мен "Қызылжар" матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді.

Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.

12 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды. 

Нәтижесінде, "Тұран" қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді.

Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ, төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді.

Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған.

Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен. Осылайша, қос төреші де 2025 жылдың соңына дейін қызметтерінен шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу