Жеке кәсіпкерлер жаппай көрші елдерге ағылуы мүмкін бе?

131

Құзырлы орган мұны теріске шығарып отыр. 

Жеке кәсіпкерлер жаппай көрші елдерге ағылуы мүмкін бе? Фото: baq.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің жаппай жабылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Қазақстаннан бизнестің көршілес елдерге жаппай көшуі шындыққа сай келмейді деп отыр.

"Себебі егер жеке кәсіпкер өз орнын ауыстырып, Өзбекстан немесе Қырғызстанда жеке кәсіпкерлік немесе ЖШС ашып, Қазақстанға тауар сататын болса, онда оның салық жүктемесі көп болады. Тауарды әкелген кезде ол 16% ҚҚС төлеуге міндетті. Ал егер қызмет көрсетсе, онда да 16% ҚҚС есептеледі. Яғни, салықтық жүктеме еш азаймайды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу