Жеке серіктестікте шешілмеген мәселе болмайды

3195

Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық банкке МЖӘ келісімшарттарын рұқсат етілген кепілді активтер тізіміне қосуды ұсынып отыр.

Жеке серіктестікте шешілмеген мәселе болмайды

Үкімет мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларына қатысатын бизнестің кепіл мүліктің болмауы мәселесін банктердің мүлік кепілі тізіміне МЖӘ келісімшарттарын қосу арқылы шешпек. Бұл бастаманы ҚР мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының экономикалық саясат кеңесінде ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов айтты.

Бұл жеке серіктестік мемлекеттің тиісті қаржылық міндеттемелері бекітілген келісімшарт шеңберінде алдағы уақытта құйылатын қаржы ағындарын кепілге қойып несие ресурстарын тарту мүмкіндігін кеңейтеді.  

"Несие беру – МЖӘ-нің маңызды аспектісі. Ақшаны қаржы секторы береді, сондықтан банктер МЖӘ жобаларын оңай қаржыландыратындай жағдай жасау керек. Ал бизнес үшін кепіл қою басты мәселе екенін бәріміз жақсы білеміз. Көптеген кепіл бірнеше рет қайта салынып жатады. Қаржылық тетік болу үшін кепіл қажет. Көптеген елде тіпті Ресейдің өзінде банктер кепіл ретінде МЖӘ келісімшарттарын алады. Сондықтан Ұлттық банкпен және кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірлесіп  осы мәселені қарастырып жатырмыз", ­– деп атап өтті ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі.

 Бұл мәселе де өзгерістер жоқ емес, банктер бізбен диалогқа шықты.

"Олар егер, мысалы, барлық келісішартты емес, дисконтталған келісімшартты алатын болса. Бұл – бір. Екінші, егер бұл келісімшарт жобаның нақтылығы мен тұрақтылығына  халықаралық тексерістен өтсе, онда ескертпелермен келісуге болады деп отыр", – деді Руслан Даленов.

Ол аbctv.kz-ке тараптар бірауызды шешімді келесі айда қабылдайтынын айтты.  Бұған қатысты заңнамаға еш өзгерту енгізілмейді.  Бұл мәселені Ұлттық банктің нормативтік қаулысы деңгейінде шешуге болады.

Салалық ведомство мемлекеттік-жеке әріптестік келісімшарттарын міндетті түрде қазынашылық комитетінде тіркеу арқылы банктерді МЖӘ жобалары жағына шығаруды көздеп отыр. Келісімшартта мемлекеттің ұзақмерзімді міндеттемесі көрсетіледі. Ал мұндай кепіл қаржы мекемелерінде шешуші рөл атқаруы мүмкін. 

"Мөрді қазынашылық та қояды, мемлекеттік міндеттемелер бірден туындайды. Енді келісімшарттар ұзақмерзімді болуға тиіс. Біздің бюджет үш жылға жасалады. Сондықтан осыған сәйкес МЖӘ келісімшарттары бойынша міндеттемелер де тек үш жылға берілу керек. Қазір заңнамаға өзгеріс енгізілді. Талқыланып жатыр.  Заң жобасы сенаттың талқылауында. Онда МЖӘ жобалары бойынша міндеттемелер үш жылға және одан да ұзақ мерзімге қабылдануы мүмкін деп көрсетілген. Осыдан кейін ғана ұзақмерзімді келісімшарттарды тіркеу мүмкін болады. Бизнес үшін бұл бюджеттен кепіл берілген ұзақмерзімді қаржыландыру ақшасы түседі деген сөз", - деп атап кетті ол.

Сонымен қатар  МЖӘ жобаларын әзірлеу мен жоспарлау рәсімінің жеңілдетуге қатысты бастама да параламенттің қарауында. Негізінен бұл тұжырымдамаларды немесе концессиялық ұсынысты, республикалық және жергілікті деңгейді келісімшарт жобаларының сараптамасын әзірлеу. Бұл өзгертулер мақұлдау мерзімі мен МЖӘ жобаларының сараптамасын қазіргі 7 айдан 3 айға дейін қысқартады.

Сондай-ақ жеке қаржылық бастама жобаларына арналған құжатты жеңілдету қарастырылуда. Яғни жеке сектормен басталып отырған МЖӘ жобаларына қатысты тұжырымдама әзірлеуді бизнес-жоспарға ауыстыру ұсынылып отыр. Осылайша жаңа "бағдарламалық МЖӘ" тетігін іске қосу қарастырылуда. Осы ретте дайын жобалық-сметалық құжаттамасы бар стандартты жергілікті әлеуметтік-маңызы бар жобаларды жоспарлаудың жаңа тәсілін енгізу көзделіп отыр. Заңнамада жеке сектордың жобаны іске асыру шартын анықтау мүмкіндігін ұсыну және келісімшартты мемлекеттік бағдарламаларға қатысты жасауға түзету енгізілмек. Бұл мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты және жобалық құжаттама пакетін әзірлеуден , ал әлеуетті жеке секторларды көлемді байқау өтінімін дайындаудан құтқарады.

 Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу