Жеке зейнетақы компаниялары мен Ұлттық банкке бірыңғай талаптар енгізілуі мүмкін

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жеке зейнетақы компаниялары мен Ұлттық банкке бірыңғай талаптар енгізілуі мүмкін Фото: Inbusiness.kz

Ұйым басшысы сөзін еліміздегі зейнетақы активтерін басқару жүйесіндегі келелі мәселелерден бастады. Оның айтуынша, бұл жүйе қазақстандықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын инвестициялық стратегиялар кешенін қамтуы керек. Алайда бұл мақсаттан  әлі алыспыз.

"Біздің басты міндетіміз – салымшылардың мүддесі үшін, олардың назарында және реттеушінің ақылға қонымды бақылауында әртүрлі инвестициялық стратегиялар жиынтығы бар зейнетақы активтерін жеке басқару жүйесін құру. Біз бұл мақсаттан әлі де алыспыз", - деп атап өтті Қауымдастық басшысы.

Еске сала кетсек, 1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының 50%-ін өз таңдауымен жеке инвестициялық компанияларға аударып, табыс таба алады. Осылайша азаматтар зейнетақы активтерін басқаруға қатысады.

Салымшы жеке басқарушы компанияға аударған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дағы шотына қайтаруға құқығы бар.

Ескере кететін жайт, мемлекет Ұлттық банк басқаратын, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтардың сақталуына ғана кепілдік береді. Инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинағына сол компания ғана жауапты болады.

Елена Бахмутова активтерді жекеменшік басқару қайта енгізілгенімен, олардың үлесі шамалы – 0,06%-ды ғана құрайтынын атап өтті.

"Алайда 2023 жылдың 1 тамызындағы нәтижелер аздар үміт сыйлайды, дегенмен саланы әлі де реттеу керек. Активтерді басқаратын 5 компанияның 4-і активтерінің шағын көлеміне қарамастан Ұлттық банкке қарағанда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп отыр", – деп ескертті ҚҚҚ басшысы.

Сондықтан ол жеке басқарушы компаниялар мен Ұлттық банкке шығындарды өтеу, олардың зейнетақы активтерін басқарушы рөліндегі қызметін реттеу және бақылау бөлігінде бірыңғай талаптарды қою қажет деп есептейді.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің дамуына баға берген баяндамашы 2014 жылы қабылданған тұжырымдамаға ерекше тоқталды. Соның салдарынан жеке зейнетақы қорлары мен салымшылардың активтерін басқару жөніндегі компаниялар таратылғанын жеткізді.

Елімізде зейнетақы жинақтарын инвестициялық басқарумен 5 компания айналысады. Олардың тізімімен БЖЗҚ сайтынан таныса аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу