Жеңіл атлет Максим Сажнев Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

122

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы жарыстарын жалғастыруда.

Жеңіл атлет Максим Сажнев Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

Кезекті жарыс күнінде әлем чемпионатының финалына Максим Сажнев жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Осылайша U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Сажнев финалға алтыншы орынмен шықты. Бұл сайыстағы жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу