Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс медалін жеңіп алды

144

Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.

Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс медалін жеңіп алды Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды - 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді - 9:08.67.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу