Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

140

Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті. Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.

Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды – 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды – 1:39:01.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу