Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды

289

Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Алина Чистякова жетісайыстың қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но, Дарья Гридасовадан құралған әйелдер командасы 4х100 метрлік эстафетада үшінші орын алды.

Одан бөлек, отандастарымыз 4х400 метрлік эстафетада қола медальға ие болды. Команда сапында Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Мария Шувалова өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин, Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу