Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 10 млрд теңге бөлінеді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
16834

Көлік алуға бағытталған қарыз 4 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға берілмек.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 10 млрд теңге бөлінеді

Осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанда 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беру бағдарламасы қолға алынған болатын. Бағдарламаның операторы – Қазақстанның даму банкі. 2015-2018 жылдар аралығында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бюджеттен 40 млрд теңге бөлінді. Оның 34 млрд теңгесі автонесиелеуге, ал 6 млрд теңгесі лизингке бағытталды. Бөлінген қаржының нәтижесінде 13 245 отандық автокөлік 56,4 млрд теңгеге кредитпен сатылып, 747 коммерциялық теxника 9,5 млрд теңгеге лизингке берілді. 

Ал үкіметтің бүгінгі отырысында министрлер кабинеті 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны қабылдады.

"Биыл бағдарлама аясында қосымша 10 млрд теңге бөлінеді. Оның 8 млрд теңгесі жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 млрд теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады", – деді Жеңіс Қасымбек.

Белгілі болғандай, жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаржы 4 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға беріледі. Бұл ретте, көліктің бағасы 15 млн теңгеден аспауы керек.

Бюджеттік кредит 18 жыл ішінде автокөлік құрастыру саласының дамуына серпін береді деген болжам бар. Атап айтқанда, 33,7 млрд теңге көлемінде өнім шығаруға жол ашылмақ. Сондай-ақ аталған қолдаудың нәтижесінде 8 128 автокөлік құрастыру мүмкін болмақ. Бұдан бөлек, көліктен түсетін салықтық түсімдер мен басқа да міндетті төлемдер 9,3 млрд теңгеге артады деп күтілуде.

Фархат Әміренов

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться