Баспана алу оңайлайды: Жаңа жеңілдетілген ипотека іске қосылады

749

Елімізде энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі.  

Баспана алу оңайлайды: Жаңа жеңілдетілген ипотека іске қосылады Фото: canva

"Көмір генерациясын дамыту" ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет тек энергетикаға ғана емес, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға да басымдық береді.

"Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін "Отбасы банк" АҚ-ның "Корпоративтік" бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Аталған шараларды іске асыру жас мамандарды тартуға, кадрлардың біліктілік деңгейін арттыруға және жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты кадрлық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу