Жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдау басталды

238

Бүгін өтініш қабылдау басталды.

Жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдау басталды Фото: sochi.ru

2025 жылы "Наурыз" бағдарламасымен 8600 адам баспаналы болды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма  төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің статистика бойынша "Наурыз" бағдарламасы бойынша 55-60 пайыз Астана мен Алматыны таңдап отыр. 2025 жылы 8600 адам баспаналы болды. Қаңтар айында тағы 1 мың адам үй алды. Бүгін сағат 09.00-ден бастап "Баспана маркет" ашық. Өтініштер тапсырып жатыр. Тағы да 9 мың отбасы 2026 жылдың арасында баспаналы болады деп сенеміз", – деді Ләззат Ибрагимова журналистердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу