Жеңіс шеруі тікелей эфирде көрсетіледі

407

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеңіс шеруі тікелей эфирде көрсетіледі Фото: atpress.kz

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді.

Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Әскери шеру

республикалық телеарналардан;

еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан;

Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын көрсететін салтанатты шеру елдің мерейін өсіріп, айбынын асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу