"Қайрат" командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Кипрдің "Пафос" клубына қарсы өткен ойынның қорытындысы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, "Пафос" – өте тәжірибелі қарсылас.
"Бұған дейін "Олимпиакосқа" қарсы матчта таймның жартысынан көбін он адаммен ойнаған. Бүгін де бүкіл ойынды аз құрамда өткізді. Соған қарамастан, қақпамызға бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бір жағынан, бізге сәттілік серік болды. Бұл жерде Темірлан Анарбековтің еңбегі зор. Оған үлкен рақмет", – деді бас бапкер.
Уразбахтин команда сан жағынан басымдықты пайдалана алмағандарына қынжылатынын жасырмады.
"Әрине, басымдықты пайдалана алмағанымыз өкінішті. Бірақ, бәлкім солай болуы тиіс болған шығар. Алға қарай кішігірім қадамдармен жылжимыз, жеңістер әлі алда. Жігіттерімізге алғыс айтамын", – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, футбол клубы жанкүйерлерін жеңіспен қуанта алмады.