Жер шарындағы ең суық және ең ыстық аймақтар белгілі болды

708

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Федерациясының Гидрометеорология орталығы мәлімдеді.

Жер шарындағы ең суық және ең ыстық аймақтар белгілі болды Фото: Вадим Скрябин/ ТАСС

2026 жылдың алғашқы күні Жер шарындағы ең суық ауа райы Якутия мен Магадан облысында байқалса, ең ыстық ауа райы Камерун, Австралия және Тогода тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы тәуліктің деректеріне сәйкес, планетадағы ең төмен температура Якутиядағы Иэма метеостанциясында тіркелді, онда ауа температурасы минус 53,1 градусқа дейін төмендеді", – деді ТАСС агенттігі.

1 қаңтардағы ауа райы экстремумдары рейтингісінде екінші орында Магадан облысындағы Эльген ауылы тұр, мұнда аяз 51 градусқа дейін күшейді. Үшінші орында Якутиядағы Оймякон метеостанция деректері бойынша температура минус 50,6 градусқа дейін түсті.

Ал ыстық ауа райына келсек, бұл көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды Камерундағы Гаруа қаласы иеленді ауа температурасы плюс 40,4 градусқа жетті. Синоптиктердің мәліметінше, екінші орында Австралиядағы Порт-Хедленд қаласы мұнда ауа плюс 39,8 градусқа дейін жылынды. Үшінші орында Тогоның Манго қаласы онда ауа температурасы плюс 39,5 градусқа дейін көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу