"Жетісу" командасының бас бапкері қызметтен кетті

263

Тәжірибелі бапкер команданы үш жыл жаттықтырған еді.  

"Жетісу" командасының бас бапкері қызметтен кетті Фото: kazfootball.kz

Бразилиялық бапкер Биро Жаде "Жетісу" футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжірибелі маман Талдықорғандық команданың тізгінін үш жыл ұстады. Осы уақыт ішінде ұжымның дамуына үлес қосқан жаттықтырушы енді клубпен қоштасу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, жаңа маусымда Жетісу футзал клубы Бірінші лигада бақ сынайды. Клуб әзірге жаңа бас бапкердің есімін жариялаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу